Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбыл облысында төтенше жағдай: 5 мың адам құтқарылған

05:54, 15 желтоқсан 2023 276

Жамбыл облысында қар құрсауында қалған адамдарға қатысты ақпарат тіркелген жоқ.


Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, 15 желтоқсан сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2413 адам құтқарылды, олардың ішінде 90 бала бар. 600-ге жуық адам үйлеріне қайтарылды. 1813 адам алты ауылдағы жылыту пункттеріне жеткізілді. 3 азамат Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайлары тұрақты, дәрігердің бақылауында. Екі күн ішінде жалпы 5000 адам құтқарылды.


Құтқару жұмыстары жалғасуда. Облыстық ТЖ департаменті жанынан жедел желі ұйымдастырылды.


Қазіргі уақытта Қордай және Шу аудандарында қосымша 825 орындық 9 жылыту пункті ұйымдастырылған. Жолдағы блок-бекеттерге полиция нарядтары қойылған.


Электр желілерін қалыпқа келтіру бойынша «Жамбыл электр желілері» ЖШС-мен 23 авариялық-құтқару тобы, 27 арнайы техника жұмылдырылды. Газ құбырларының апаты тіркелген жоқ, штатты режимде берілуде.


Төтенше жағдайларға байланысты «Шу-Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап қалған болатын. Шу аудандық көліктік прокуратураның ақпараты бойынша, қазіргі кезде жолаушылар пойыздары жүре бастады, жағдай бақылауда.


Облыстың қалған елді мекендерінде жағдай тұрақты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар