Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді, деп жазды Alash.kz.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім бергенін жариялады.
«Бұл шешімді баяғыда қабылдаған едім. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз еркімді тіркеуді жөн көрдім. Бұл туралы ашық айтуды маңызды деп санаймын. Өйткені мен Денсаулық сақтау министрі болғандықтан емес, әрқайсымыз бір күні өзіміз немесе жақын адамымыз үшін осындай шешім қабылдауымыз мүмкін», — деп жазды министр Instagram парақшасында.
Әлназарованың мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 4 867 адам ағза трансплантациясын күтіп отыр. Олардың ішінде 212 адамға жүрек, 314 адамға бауыр, 30 адамға өкпе қажет.
Министр бұл тақырыпты қоғамда ашық талқылаудың маңызын атап өтті.