Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен Майамиде кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Зеленский Путин Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысатын болса, онымен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.
«Иә, әрине. Біз баруымыз керек. Кездесіп, сөйлесіп, шешім қабылдауымыз қажет. Мәселе сөзде емес. Менің оған не айтатыным немесе оның маған не айтқысы келетіні маңызды емес. Тек нәтиже маңызды. Болғаны сол», – деді Зеленский DW тілшісіне сұхбатында.
Айта кетейік, G20 саммиті 14–15 желтоқсанда Майами қаласында өтеді жоспарланған.