Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVIII БРИКС саммиті аясында Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, деп жазды Alash.kz.
Мемлекет басшысы тақ мұрагерінің бұған дейін Астанаға жасаған сапарының тарихи маңызын атап өтті. Сол сапар барысында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар маңызды құжатқа қол қойылған болатын.
«Өзара ынтымақтастығымыз шын мәнінде сан қырлы сипатқа ие және көптеген бағытты қамтиды. Алдағы уақытта да бірлескен жұмысты ілгерілету үшін күш жұмылдыра береміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Кездесу барысында тараптар энергетика, көлік-логистика, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талқылады. Бұл бастамалар екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтып, өзара сауда көлемін арттыруға бағытталған.
Кездесу соңында Қазақстан мен БАӘ арасындағы тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік расталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға жылы лебізін жолдап, оның Қазақстанға сапармен келуін күтетінін жеткізді.