Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында Филиппиннен жеңілді, деп жазды Alash.kz.
Қазақстанның ерлер баскетбол құрамасы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында екінші кездесуін өткізді.
С тобында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық баскетболшылар Филиппин құрамасымен кездесіп, 78:109 есебімен жеңіліп қалды. Бұл — ұлттық құраманың турнирдегі екінші жеңілісі.
Бұған дейін Қазақстан командасы Қытайдан 61:99 есебімен ұтылған еді. Ал Филиппин құрамасы алғашқы ойынында Бахрейнге 85:89 есебімен жол берген.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 14 қыркүйекте Бахрейнге қарсы өткізеді.
Айта кетейік, баскетбол жарыстары Азия ойындарының ресми ашылу салтанатына дейін басталды. ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу рәсімі 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтеді.