Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Егер Еуропа әскерін Украинаға аттандыратын болса, Ресеймен соғысады деген сөз" - Путин

09:00, 12 қыркүйек 2026

Ресей президенті Владимир Путин Еуропа елдерінің Украинаға әскер енгізуі Ресеймен соғысқа алып келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол БРИКС саммиті аясындағы іс-шараларға қатысқаннан кейін журналистерге берген сұхбатында айтты, деп жазды Alash.kz.

Путиннің сөзінше, Еуропа басшылары Украина аумағына әскер кіргізу мәселесін талқылап жатыр. Ол мұндай қадам Еуропа елдерін Ресеймен қақтығысқа итермелейтінін атап өтті.

«Бұл Ресеймен соғысты білдіреді. Еуропа елдерінің азаматтары не болып жатқанын түсінеді деп ойлаймын», — деді Ресей президенті.

Сонымен қатар Путин Ресейдің Еуропамен қақтығысқа баруына негіз жоқ екенін айтып, бұл мәселе Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы бойынша шешілгенін мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар