Песков Зеленскийге қарата сөз арнап, Путинмен кездесу үшін Мәскеуге келуді ұсынды, деп жазды Alash.kz.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ-тағы G20 саммиті аясында Владимир Путинмен кездесуді ұсынған мәлімдемесіне пікір білдірді.
Песковтың айтуынша, егер Зеленский Путинмен кездескісі келсе, Мәскеуге келе алады. Ол Ресей президентінің бұл ұстанымы бұған дейін де айтылғанын атап өтті.
Бұған дейін Владимир Зеленский G20 саммиті кезінде Майамиде Путинмен кездесіп, келіссөз жүргізуді ұсынған болатын. G20 саммиті 2026 жылғы 14–15 желтоқсанда Майамиде өтеді.