Дастан Сәтпаевтың жарақатынан кейін алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп жазды Alash.kz.
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты бірнеше апта ойынға қатыса алмайды. Британдық The Standard басылымының мәліметінше, 18 жастағы шабуылшы халықаралық үзілістен кейін алаңға оралуы мүмкін.
Сәтпаев 2 қыркүйекте «Бернли» сапында «Мидлсброға» қарсы матчта ойнап, кездесудің 81-минутында жамбас тұсындағы жарақатына байланысты алаңнан кеткен. Кейін клубтың бас бапкері Никки Хайен футболшының бірнеше аптаға қатардан шығатынын айтқан.
Қазір Сәтпаевтың оңалу процесін оның негізгі клубы «Челси» бақылауына алған. Футболшы Лондон клубының Кобхэмдегі жаттығу базасында медициналық тексеруден өткен. «Челси» медициналық штабы оның қалпына келуіне көмектесіп, мүмкіндігінше ертерек «Бернлиге» оралуын жоспарлап отыр.
Сәтпаев «Челсидің» құрамына биыл жазда қосылып, 2026/27 маусымын «Бернлиде» жалға өткізіп жатыр. Ағылшын клубы оның маусым барысында барынша көп ойын тәжірибесін жинақтағанын көздейді.