Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әлеуметтік желіде шу шығып, жолаушылар алаңдады". Түркістан әуежайында ұшақ сынып, істен шықты

09:56, 12 қыркүйек 2026

11 қыркүйекте Түркістан халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақтардың бірінде техникалық ақау пайда болды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті растады, деп жазды Alash.kz.

Ведомство мәліметінше, қазір мамандар ұшақтағы ақауды жою бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Әзірге ақау шыққан ұшақтың қай әуе компаниясына тиесілі екені, қандай рейсті орындағаны және техникалық ақауға нақты не себеп болғаны айтылған жоқ.

Әлеуметтік желілерде оқиға туралы ақпарат тарағаннан кейін Көліктегі полиция департаменті ұшақта техникалық ақау болғанын ресми түрде растады.

 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар