Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа алғыс білдірді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Астанада өткен жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде айтты, деп жазды Alash.kz.
Тоқаевтың сөзінше, жарыс нәтижелері әділ болған. Ол спорттың басты миссиясы өзара құрмет пен қолдауды қалыптастыру, сондай-ақ халықтар арасындағы достықты нығайту екенін атап өтті.
«Бұл ауқымды спорттық шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды, ал оның нәтижелері әділ болды. Осыған байланысты Қырғыз Республикасының президентіне ризашылығымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.
Президент сондай-ақ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын одан әрі дамыту және халықаралық деңгейде ілгерілету үшін күш біріктіруге шақырды.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, 74 медаль, оның ішінде 32 алтын жүлде жеңіп алды.