АҚШ заң шығарушылары жасанды интеллектіні реттеуді күшейтуге шақырды. Бұған Anthropic компаниясының екі зерттеушісі озық AI жүйелері адамзаттың жойылуына әкелуі мүмкін екенін айтып, мұндай қауіптің ықтималдығын 10 пайыздан жоғары деп бағалауы себеп болды.
Сенатор Марк Келли Вашингтон жасанды интеллект мәселесіне байыппен қарап, қажетті шараларды қабылдауы керек екенін мәлімдеді. Ал республикашыл конгрессмен Анна Паулина Луна жасанды интеллект мәселесіне арналған Конгрестің арнайы отырысын өткізуді ұсынды.
АҚШ-та ең қуатты AI модельдерін әзірлеушілерді өнімді іске қоспас бұрын тәуелсіз қауіпсіздік тексерулерінен және арнайы сынақтардан өткізуге міндеттейтін заң жобалары да талқыланып жатыр.
Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп жасанды интеллект салдарынан адамзаттың жойылу қаупіне алаңдамайтынын айтты. Оның пікірінше, Америка үшін негізгі қауіп — жасанды интеллект жарысында Қытайдан жеңіліп қалу.