Қазақстан биыл Ресейге АИ-92 маркалы бензин экспорттаған жоқ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі ТАСС агенттігінің сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.
Министрлік мәліметінше, Қазақстаннан Ресейге АИ-92 жеткізу екі тараптың келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар ішкі нарықтағы бензин қоры жеткілікті болуы қажет.
Яғни қазіргі таңда Қазақстанның ішкі нарығындағы жағдайға байланысты Ресейге АИ-92 экспорттау мәселесі қарастырылып отырған жоқ.