Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты

10:43, 12 қыркүйек 2026

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты, деп жазды Alash.kz.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының (US Open) финалына жолдама алды. Жартылай финалда ол америкалық Коко Гауффты 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Бұл — Рыбакинаның US Open турниріндегі мансабындағы алғашқы финалы. Шешуші кездесуде қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды. Соболенко жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

US Open қорытындысы бойынша Елена Рыбакина әлемдік WTA рейтингінде бірінші орынға көтеріледі. Осылайша ол жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы атанған Қазақстанның тұңғыш өкілі болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар