Әлеуметтік желіде Астана полициясының қызметкерлеріне қатысты сын айтылды. Threads желісіндегі жазбасында Ақтөре Сағындықұлы полиция қызметкерлері әдеп кодексін сақтамаған болуы мүмкін екенін айтып, Ішкі істер министрлігі мен Астана қаласының Полиция департаментін шара қолдануға шақырды, деп жазды Alash.kz.
Автор жарияланымда шетелдіктердің қатысуымен түсірілген видеодағы полиция қызметкерлерінің әрекетіне наразылық білдірген. Оның пікірінше, мұндай жағдайлар қоғамда теріс түсінік қалыптастыруы мүмкін.
Мынаны көріп қаным қайнап отыр…Полиция қызметкерлерінің әдеп кодексін сақтамағаны көрініп тұр, ІІМ, полициядепартаменті шара қолдануы керек. Көп байқаймын біздің кейбір қыздар шет елдіктерді көрсе естерінен танып ессіз әрекеттерге барады, кейбір шетелдіктер осындай көріністерден кейін қазақ қыздарын қолжетімді деп ойлайды, - деп жазды қолданушы.
Ақтөре Сағындықұлы оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп, құқық қорғау органдары тарапынан түсініктеме берілуі қажет екенін жазды.

Әзірге Астана қаласының Полиция департаменті аталған жазбаға қатысты ресми түсініктеме беріп, тергеу басталғанын мәлімдеді.