Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жалған диплом сатушыларға қандай жаза қолданылады?

09:55, 14 ақпан 2024 466
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жалған диплом жасап сатқандар мен сатып алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
«Ескертемін, қылмыстық кодексте жалған құжаттарды жасап, пайдалануды реттейтін бап бар. Оны сатып алған адам жалған екенін біле тұра, жұмысқа тұруға әрекеттенсе және оны ресми құжат ретінде көрсетсе ол 40 тәулікке қамауға алынады немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады», – деді Саясат Нұрбек Мәжіліс клуарында.

Оның айтуынша, Қазақстанда ресми құжаттарды қолдан жасайтындарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыс қайталанған жағдайда азаматтар төрт жылға дейін сотталады.

Бүгінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері осындай деректерді тексеру үшін полицияға хат жолдаған.
«Біз жоғары білімді дамыту орталығының порталында цифрлық қызметті әзірледік. Ол арқылы кез келген жұмыс беруші немесе азамат дипломның жалған немесе түпнұсқа екенін тексере алады. Өйткені дипломның түпнұсқасында бірегей ЖСН және QR коды бар. Оны түпнұсқа екенін министрліктің дерекқорынан тексере аласыз. Қазір 1991-2023 жылдар аралығында берілген барлық дипломды осы дерекқорға енгізіп жатырмыз. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Бүгінде мәліметтер базасына 3,5 миллионға жуық құжат енгізілген», – деді министр.

Фото: aikyn.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар