2023 жылдың 1 тамызы - 30 қыркүйегі аралығында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы «Жақсылық жаса» ұранымен өткізілуде. Биылғы жылы облыс бойынша жалпыға бірдей білім беру қорынан оқушыларға кеңсе тауарлары, мектеп формасы, спорттық киім, аяқ киім және т.б. сатып алуға 372,6 млн. теңге қаражат қарастырылған. Бүгінгі таңда 7838 оқушының ата-аналары құжаттарын тапсырып, 4728 оқушының ата-аналарының есепшоттарына қаражат аударылды (әр балаға 40 567 теңге).
Ағымдағы жылы білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 511 980,0 мың теңге (бейнебақылау жүйесі, бейнебақылау жүйесінің ЖБО-на қосылуы, турникеттер орнату) бөлінді. Білім мекемелері 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілді, бейнебақылау жүйесін жедел басқару орталығына қосу, дабыл түймесін, турникеттер орнату, лицензияланған күзет енгізу бойынша тиісті шаралар алынуда.
Бүгінгі таңда облыс бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 23 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 3 мектептің құрылысы жүргізіліп (Казталов ауданында 600 орындық А.Оразбаева атындағы ЖОББМ, 108 орындық А.Құсайынов атындағы ЖОББМ, Қаратөбе ауданында 60 орындық Шалғын ЖОББМ), 15 мектеп облыстың 7 ауданында (Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жәнібек, Қаратөбе, Казталов, Теректі) КПО б.в. компаниясының әлеуметтік міндеттемелері шеңберінде салынуда. Бұл мектептердің барлығын ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде облыс бойынша 16 200 орындық 18 мектептің құрылысы 2023-2025 жылдарға жоспарланған. 9 мектептің құрылысын осы жылы бастап, 2024 жылы аяқтау, қалған 9 мектептің құрылысын 2024 бастап, 2025 жылы аяқтау жоспарланды. Қазіргі таңда 5-еунің құрылысы басталды, 4 мектептің құрылысына мердігерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Биыл 6 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстарына 678,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Тамызда 3 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, 3 мектепте (Ақжайық ауданында Базартөбе мектебі, Бәйтерек ауданында Раздольный және Чувашка мектептері) жұмыстар кестеден кешіктіріліп жүргізілуіне байланысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары аяқталмаған білім беру ұйымдарында оқу процесі ыңғайластырылған нысандарда (ауылдық клуб, мектеп-интернаттар, ауылдық әкімдіктер) ұйымдастырылады.
Ағымдағы жылы «Шаңырақ» жастар үйінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 575,9 млн. теңге қаралып, мердігерді анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.
Мектептер жылы дәретханалармен жабдықталып, дезинфекциялық және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы облыс бойынша 14 мектеп (Бәйтерек ауданы - 2, Казталов ауданы - 5, Жаңақала ауданы - 2, Теректі - 5) көгілдір отынға қосылады.