Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленскийдің үндеуін көрдім, бірақ оны ол емес, мен шешемін!: Трамп шұғыл мәлімдеме жасады

09:45, 21 мамыр 2025 446

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Атап айтқанда, Трамп санкциялар енгізу туралы шешімді тек Ақ үй басшысы қабылдайтынын айтты.

“Бұл менің шешімім болады, басқа ешкімнің емес. Біз Ресей не істейтінін, қалай әрекет ететінін көре жатармыз”, – деді Трамп Вашингтонда сөйлеген сөзінде.

АҚШ президенті сондай-ақ Украинадағы жағдайды реттеу мәселесінде “шешуші сәт” туғанын атап өтті. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен, Зеленскиймен және Батыс елдерінің басшыларымен алдыңғы күні өткен әңгімесін жоғары бағалады.

“Кеше біз өте жақсы әңгімелер жүргіздік деп ойлаймын”, – деді Трамп.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар