Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зеленский: “Трамптың Иранға қатысты батыл шешімі маңызды, ядролық қарудың таралуына жол бермеу керек”

12:45, 23 маусым 2025 1201

Зеленский Трамптың Иранға жасаған соққысын құптады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

“Біз бәріміз Ресейдің мұндай қаруды қайдан алғанын жақсы білеміз. Иранның Ресейді қолдауға бағыттаған шешімдері біздің елімізге ғана емес, көптеген басқа елдерге де орасан зор қиратулар мен үлкен адам шығынын әкелді. Бұл шынымен тоқтауы тиіс”, – деді Украина президенті.

Украина президенті ядролық қарудың таралуына қарсы екенін атап өтті.

“Бұл жағдай ядролық қарумен одан әрі ушыға түспеуі керек. Қазіргі әлемде ядролық қарудың таралуына жол беруге болмайды. Мұны нақты атап көрсету қажет. Бұл мәселеде Америка Құрама Штаттарының, атап айтқанда президент Трамптың батыл шешімі маңызды. Сонымен қатар, дипломатия өз рөлін атқаруы тиіс екенін де баса айту керек”, – деді Зеленский.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар