Қостанай облысының прокуратурасы зейнет жасына жеткен 350 мұғалім өз құқықтарын білмеген соң 38 млн теңге өтемақыдан қағылған, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.
Өйткені, прокуратура хабарлағандай, жұмыс берушілер зейнетке толғанда төленетін кепілді өтемақыны төлемеу үшін олардың келісімшарттарын «екіжақты тараптың келісімі» бойынша бұзған.
«Барлығы 350 қызметкер анықталды, оларға 38 миллион теңгеден астам өтемақы төленбеген. Сонымен қатар, білім бөлімдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтарға іссапар шығындарының төленбегені анықталды. Конституциялық құқықтары бұзылған және 185 миллион теңгеден артық ақша төленбеген 1,8 мыңнан астам педагог анықталды», - деп хабарлайды облыстың прокуратурасы.