Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зауыттағы жарылыс: Өскемендегі апаттан қаза болғандар туралы ақпарат шықты (ФОТО)

17:58, 05 мамыр 2026

5 мамыр күні Өскемендегі «Қазцинк» зауытының аумағында орын алған жойқын жарылыс екі адамның өмірін қиып, бірнеше жұмысшыны жарақаттады, деп жазады Alash.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдай кәсіпорындағы түтін сорғыш құрылғыны тазалау жұмыстары кезінде болған. Апат салдарынан ғимараттың бір бөлігі қирап, өрт тұтанған.

Ulysmedia.kz редакциясының ақпаратына сүйенсек, төтенше жағдай кезінде балқытушы Ержан Қамалиев пен цех механигі Олжас Рамазанов қаза тапты. Сондай-ақ Антон Фарафонов, Александр Зенков, Ерлан Махаметқалиев және Кирилл Климов есімді жұмысшылар түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қаза тапқандардың бірі, 43 жастағы ШҚО тумасы Олжас Рамазановтың артында екі қызы қалды. Жақындары мен әріптестері оны жауапты маман әрі отбасына қамқор әке ретінде еске алады. Оның туыстары қайғылы қазаға әлі де сене алмай отырғандарын жеткізді.

Сурет: Sib.fm

«Ол үлгілі әке болды. Жұмыстан кейін де қыздарына әрдайым уақыт табатын. Оның енді жоқ екеніне әлі де сене алмаймыз», — дейді марқұмның жақындары.

Кәсіпорын әкімшілігі оқиғаның мән-жайын ресми түрде растап, зауыт аумағында штаттан тыс жағдайдың орын алғанын хабарлады:

Бүгін таңертең Өскемен металлургиялық алаңы аумағында штаттан тыс жағдай тіркелді. Түтін сорғышты тазалау жұмыстары барысында жарылыс болып, артынан өрт шығып, кейбір құрылымдар қирады. Салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды, — деп хабарлады «Қазцинк» өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар