Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Заңгер шағымы: "Комада жатқан сарбаздың жағдайын жасырып, анасын ауруханаға кіргізуге тыйым салуда"

11:54, 13 маусым 2024 495

Алматыдағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар әскери қызметін атқарып жүргенде бас-ми жарақатын алған. Содан бері алты ай комада жатқан сарбаздың жағдайын білуге ешкімді кіргізбесін деген тапсырма берілген. Өлім мен өмірдің арасында жатқан сарбазды анасы да, ағасы да көре алмай жүр. Мұны қоғам белсендісі әрі заңгер Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Қоғам белсендісі Инга Иманбайдың айтуынша, Ербаян Мұхтардың анасы ауруханадағы баласына кіре алмай шыр-пыр болып жүр. Тіпті емхана басшылығы анасына, ағасына шағымданып, полиция шақырған:

“Комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың анасын ауруханаға кіргізбей, баласын көрсетпей жатыр. Оның үстіне емхана басшылығы анасына, ағасына шағымданып, полиция шақырған. Ұлы өмір мен өлімнің арасында жатқан, әділдік іздеген анаға сонша қиянат көрсететіндей не болды? Басты сұрақ – оған ұлын неге көрсетпей жатыр?”, – деді Инга Иманбай.

Туысқандарының, белсендісін сөзінше өліммен арпалысып жатқан жас сарбаздың өміріне қауіп төніп тұр. Әкімшілік тіпті қағаз жапсырып, “ешкімді кіргізбесін” деп жазып қойған.

Еске сала кетейік, Алматыдағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар 6 айдан астам уақыт бойы комада жатыр, ол әскери қызметін атқарып жүргенде, бас-ми жарақатын алған. Ата-анасына жігіт әскери бөлімнің әжетханасында құлап, басымен тақтайшаға соғылды деп айтқан, бірақ олар бұл нұсқаның шын екеніне күмәнмен қарап, сенбейді.

21 жастағы Ербаян Мұхтар әскер қатарына өткен көктемде шақырылған. Ол кезде Астанадағы университеттің бірінші курсында оқып жүрген. Сол уақыттарда футболмен әуестеніп, қақпашы ретінде "Оқжетпес" клубының қосалқы сапында да болған. Анасының Ербаян болашағының зор боларына сенеді, балаларды оқытуды армандағанын айтады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар