Қазақстанның Еңбек Ері, аты аңызға айналған ақын Мұхтар Шахановтың есімін Алматы қаласындағы ірі даңғылдардың біріне беру туралы бастама қоғам арасында қызу талқыға түсті. Белгілі заңгер Мейірман Шекеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы хат жолдап, ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек еткен тұлғаның есімін ұлықтауды сұрады, деп жазады Alash.kz.
Ұсыныс ақынның қайтыс болғанына бес жыл толмай нысан атауын өзгертуге тыйым салатын заңдық шектеулерге қарамастан көтеріліп отыр.
Қолданыстағы «Тіл туралы» заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қайраткерлердің есімі нысандарға олар өмірден өткеннен кейін бес жыл өткен соң ғана берілуі тиіс. Мұхтар Шаханов 2026 жылдың сәуірінде дүниеден өткендіктен, заң жүзінде бұл бастаманы жүзеге асыруға әлі ерте. Алайда, Бұрынғы Фурманов даңғылының Назарбаев аталғанын айтты. Заңгер өз үндеуінде бұған дейін де елімізде маңызды нысандарға атау беру кезінде осындай ерекше шешімдердің қабылданғанын және ақынның халық алдындағы ересен еңбегі осындай айрықша қадамға лайық екенін алға тартты.
Розыбакиев атында Алматыда екі көше барын атап өтті. Ата Заңға сәйкес бір қаланың ішінде ондай шатасулар болмауы тиіс. Мейірман Шекеев мұның ұлтараздық тудырмайтынын, мәселенің Абдолла Розыбакиевке ешқандай қатысы жоғын түсіндіріп берді.
Мейірман Шекеевтің пікірінше, Мұхтар Шаханов Желтоқсан көтерілісінің шындығын ашуда және ана тіліміздің мәртебесін биіктетуде өлшеусіз рөл атқарды. Сондықтан Алматының ең үлкен көшелерінің біріне ақын есімінің берілуі ұлттық рухты асқақтатудың және тұлғаға деген шынайы құрметтің көрінісі болмақ. Бұл бастама әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде кеңінен қолдау тауып жатыр.