Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Заң солай екен. Уайымдату ниетіміз болған жоқ…»: Дубайда қалып қойған Жанболат пен Жазира мәлімдеме жасады

17:37, 03 наурыз 2026

Дубай қаласындағы қауіптің ошағында қалып қойғанын жеткізген эстрада жұлдыздары Жанболат пен Жазира көпшілікке мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Біріккен Араб Әмірліктерінен Оман еліне өткен әртістер өздері үшін алаңдаған тыңдармандарына алғысын айтты.

Құрметті отандастар!

Біздің амандығымызды тілеп, алаңдап хабарласып жатқан барша жанға шын жүректен алғыс айтамыз.

Дайрект пен WhatsApp желісіне келген көптеген хаттарға жауап ретінде сторисқа қысқаша видео жариялаған едім. Ол видео түрлі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына тарап кетіпті. Ешкімді уайымдату ниетіміз болған жоқ, тек жағдайымызды сұрап жатқандарға жауап ретінде салған 1 ғана сторис еді.

Қазіргі таңда біз Оман мемлекетінің Маскат қаласына өттік.

Осы қаладан алып кететін ұшақ , елшілік өкілдерінің мәліметінше, елден жіберілетін арнайы ұшақтарға аяғы ауыр әйелдер, 1–2 санаттағы мүгедектігі бар азаматтар, 5 жасқа дейінгі балалар және қарттар отырғызылады екен.

ЗАҢ СОЛАЙ ЕКЕН!

Біз алты адамбыз және бұл санатқа кірмейміз. Сондықтан әзірге өзге елдер арқылы ұшу мүмкіндіктерін күтіп отырмыз.

Елімізде жоспарланған мемлекеттік және жеке концерттерімізге билет алған көрермендерден кешірім сұраймыз.

Егер сіз билет алған концертке, үлгермей жатсақ аман-есен жеткен соң басқа күнге ауыстырамыз.

Бізге тілегендеріңізді , өздеріңізге де тілейміз.

Жақсылықта қауышайық!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар