ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм жары, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовті еске алып, арнайы бейнежазба бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі бұл жазбасын саясаткердің туған күніне орайластырып, өткен күндерден естелік ретінде жариялаған. Марқұмның жұбайының рухына құран бағыштап, жанына тыныштық тіледі.
"Бүгін Зәкеңнің туған күні. Топырағыңыз торқа болсын. Атқандардың да жазасын Алла берсін", – деп жазды Мақпал Жүнісова.