Париж олимпиадасы таң қалдырудаң жалықпады. Жеті ай жүктілік уақытында садақ атудан жарысқа қатысқан әйелді көріп едік, енді трансгендер ер адам әйел адаммен жұдырықтасты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Жекпе-жек тура 46 секундқа созылды. Stan.kz мәліметінше,басынан соққы өткізіп алған итальяндық спортшы ойынды жалғастырудан бас тартты.
2023 жылғы әлем чемпионатында Хелифтің бойынан ерлерге тән XY хромосомалары анықталғаны үшін ойыннан дисквалификацияланған болатын. Яғни Карини биологиялық ер адаммен төбелескен.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға әйелдер боксынан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі трансгендер спортшыға қатысуға рұқсат берді.
Дәл осы категорияда қазақстандық спортшы Карина Ибрагимова бақ сынауда. Қазақстандық спортшы трансгендермен жекпе-жекке шығуы мүмкін.