Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Зәке, кешір. Үйіңді Тоқаевқа беремін!". Желіде Мақпал Жүнісоваға қатысты тосын видео тарады

18:48, 08 мамыр 2024 1096

Әлеуметтік желіде әнші, халықтың ерке қызы Мақпал Жүнісованың даусына ұқсас қолданушының Заманбек Нұрқаділовтың үйін сататыны жайлы айтқан видеосы тарады. Видеода автор Заманбек Нұрқаділовтің рухымен тілдесіп, базынасын айтады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Адырна" ұлттық порталының хабарлауынша, Бейнежазба әуелі Мақпал Жүнісованың ресми парақшасына шығып, кейін өшірілді. Дауыс иесі видеодан көрінбей, кадр сыртында сөйледі:

"Зәке, сен мені кешір. Мен шаршадым. Менің сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Кешір мені. Егер де үкімет сенің дүниеңді алып кетпейтін болса, туған туысқандардың бәріне таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Сол үшін тойға барып жүрмін.

Сонымен қатар, Мақпал Жүнісованың дауысына ұқсас қолданушы үйді сақтаудың зор шығын екенін айтады:

Ай сайын сіздің үйіңізді сақтау үшін жүз мың теңге керек. Бұл жерде біз шомылмаймыз да, саунаға да түспейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған да жоқпыз. Бұл үйге газ жүргізілмеген Зәке. 20 жыл бойы екі үйге 210 мың теңгеден төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ жүргізілмеген. Мен жылағым келеді, шаршадым Зәке. Осы үйді Тоқаевқа беремін" дейді видеодағы Мақпал Жүнісованың даусына ұқсас әйел.

Әлеуметтік желіде тараған видео желі қолданушыларының арасында қызу талқынға түсіп жатыр. Бірі Жүнісованың "жанын" түсінуге тырысса, бірі даттап бағуда.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар