Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ыстамбұлда өлген адам жерлеу рәсімінде тіріліп кеткен

09:56, 11 қазан 2024 290

Естімеген елде көп деген осы. Ыстамбұлдағы мешітте 80 жастағы жергілікті тұрғын Халит Байшуды жерлеу кезінде тосын жағдай болды. Намазға дайындық кезінде ер адам есін жиып, табыттың қақпағын қаға бастаған, – деп хабарлайды Alash.KZ NTV арнасына сілтеме жасап. 

Марқұмды ақтық сапарға шығаруға жиналған қауым табыттан шыққан дауысты естіп, дәрігерлерді шақырды.

"Табытқа еңкейіп, тыңдадым, дыбыс естілді. Сондықтан жедел жәрдем шақырдық", – деді Айвансарай ауданының басшысы Ғалип Ақшай.

Табыт ашылған кезде дәрігерлер егде жастағы ер адамның тамыр соғысын анықтаған. Дәрігерлер Халит Байшуға жүрек массажын жасап, ауруханаға жеткізді, алайда кейін ол қайтыс болды.

Айта кетейік, 2020 жылы Индонезияда 12 жастағы қыздың денесін жерлеуге дайындап жатқанда тіріліп кеткен. Жасөспірім қант диабеті және органдардың зақымдалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Алайда ауруханада бала қайтыс болғаны анықталып, денесі туыстарына берілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар