Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай әлеуметтік желіде айтысып жатқан ақындарға қатысты қатқыл ескерту жасады, деп жазады Alash.KZ.
Оның айтуынша, әлеуметтік желі арқылы айтысып жүрген Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек пен Сырымдардың айтысы айтыс емес дейді.
"Ондай ырбыңдаған, ырбықай айтыс айтыс болмайды. Айтыстың ғасырлар бойы қалыптасқан жанрлық табиғаты бар. Кешегі Сүйінбай, Жамбылдардың ізімен айтыс бүгінгі күні дамып келе жатыр. Ал анау Балғынбек пен Айнұр, Жандарбектің жасап жатқандары айтысқа үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Оны не деп айтуға болатынын да білмеймін. Елдің алдына шығып алып, ырбыңдаған, жырбыңдаған өнер бола ма екен? Ол өнер емес ешқандай" дейді мәжіліс депутаты, әрі айтыс ақыны.