Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Интернатта бірге өстік: Бақыт Сәрсекбаев Өзбекстан бокс құрамасының бапкері туралы пікір білдірді

15:17, 13 тамыз 2024 446

Бокстан Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Өзбекстан бокс құрамасының бапкері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бақыт Сәрсекбаев Париж олимпиадасында бокстан 5 алтын алып, айды аспанға бір-ақ шығар Өзбекстан құрамасының бас бапкерін ерлік жасап, тарих жаңартқанымен Instagram желісіндегі парақшасында құттықтады.

"Мен Толқынды бала күнімнен білемін. Екеуіміз интернатта бірге оқып, бірге өстік. Тәлім алған ұстаздарымыз да бір. Сол шақтағы достығымызды ұмыту мүмкін емес! Бауырым, Толик! Сені шәкірттеріңнің жарқын жетістігімен құттықтаймын! Сендер тарих жасадыңдар! Сенің еңбекқорлығыңды жақсы білемін, осы жетістік үшін барыңды салдың. Саған зор денсаулық тілеймін!", - деді Бақыт Сәрсекбаев.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар