Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Индира Елемес Ерке Есмаханмен не үшін араласпай қалғанын айтты (ВИДЕО)

15:02, 08 тамыз 2024 996

Танымал жас әнші Индира Елемес отбасылық өмірінің сырын ашты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Индира Елемес "Момский әңгіме" подкастында қонақта болып, сахна төрінен не үшін жоқ болып кеткендігі туралы айтып берді. Сондай-ақ ол кейбір жұлдыздармен не үшін араласпай кеткенін де баяндады.

“Өнердегі ең алғашқы продюсерім – Мөлдір Әуелбекова еді. Тұрмысқа шыққаннан кейін араласпай қалдым. Жақын деген құрбыларымнан алыстап кеттім. Одан кейін Ерке Есмаханмен жақсы араластым. Ол кезде хит әндерді орындап жүрген еді. Мен болсам енді шығып келе жаттым. Екеуміздің үйіміз жақын болды. Көп сырласатын едік. Өте жақсы қыз. Әншілігінен бөлек, адамгершілігі де керемет болатын. Менімен тең дәрежеде сөйлесетін. Бағыт-бағдар берді. Жолдасым ол кісімен де араластырған жоқ. Ерке мені өзінің гастролдік сапарларына қоспақшы да болды. Кейін жолдасымның не дегенін білмеймін, бізге ренжіп қалды. Ерке екеуміздің арамызда ешқандай да кикілжің болған жоқ. Бірақ қазір араласпаймыз” – деді әнші. 

18 жаста ана атанған Индира Елемес өнер жолынан күйеуі үшін кеткенін жасырмады. 

“Тұрмысқа шықпастан бұрын тойда ән айтатын едім. Табысым да жақсы болды. Бір аптада 3-4 тойға бардым. Тұрмысқа шыққаннан кейін бәрі қалды. Күйеуім қарсы болды. Тіпті маникюр жасатпадым. Дүкенге азық-түлік алуға да шықпадым. Өйткені бәрін жолдасым әкелді. Коммуналды шығынды да өзі төледі. Келін болған соң үй шаруасымен де айналыстым. Шынымды айтсам, балама көңіл бөлетін уақытым да, мүмкіндігім де болмады. Ол үшін өзімді кішкене біртүрлі сезінемін. Кей кезде тіпті өзімді жек көрем, бірақ енді не істеймін, сол кезде солай болуы керек болған ғой. Баламды асырау үшін тамағына ақша табу керек болды. Білмеймін, мен бұл жағдайды сізге айтып түсіндіре алмаймын. Бірақ кейін ұлымды саналы түрде босандым. "Мен анамын ғой" деген сезіммен ұлымды қалап, дүниеге әкелдім. Алладан сұрап алдым", – деді отандық шоу-бизнес өкілі.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар