Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Хиджаб кигені үшін 500 мың доллар және қымбат брендтер: Блогерлер не “бүлдіріп” жүр?

19:23, 08 тамыз 2024 570

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан «Блогерлерге хиджаб кигені үшін ақша ұсынады» деген пікір білдірген болатын. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Caravan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы тұжырым рас болып шықты. Журналист Әсел Қайролла діни пропоганда үшін кейбіреулерге ақша төленетіні туралы қызық мәлімет ұсынды, деп жазды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Оның жазуынша, оған есімін атамауды сұраған бір кісі орану үшін қанша ақша төлейтінін айтқан көрінеді. 

«Өзін атамауды өтінген (тіпті, жалынған) сенімді дереккөзден: діни пропаганда үшін орануға ұсынылған сома 200 000 — 500 000$ арасы. Қосымша Bvlgari, Cartier, Tiffany, т.б. Біздегі діннің жағдайы осы», – деп жазды журналист.

Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары түрлі пікір жаза жөнелді.

«Оранғым кеп кетті. Сақалды мұртсыз қоям тіпті», «Маған неге ұсынбайды аааа!? Мына жақта дәптер бағасын есептеп отырмын тиын санап. Қай жерге заявка тастайды?», «Тегіннен тегін тағып, шешіппін ғо…», «Сақал қойғанға ше? Ол туралы айтпады ма? Бізге шанс жоқ па?», «Ақшасын білмеймін, бірақ жақын туыс әпкем Астанада аса белгілі, ауқатты адамның аспазы болған. Ана кісі «пәтерде тұрады екенсіз, ол мәселені реттеп, басыңызға үй берем. Бірақ оранып жүрсеңіз деген талап бар» деген. Әпкем «ондай шешімді пәтер үшін деп қабылдай алмаймын» деп жұмыстан шыққан. Көз алдымда болған, көзім жеткен оқиға. Сондай пәрменді адамдардың айналасынан келіп түсетін ұсыныс болар» деп жазды желі қолданушылары.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар