Отандық танымал журналист әрі тележүргізуші Дана Нұржігіт кешірім сұраған бапкерлерге ескерту айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Дана Нұржігіт Instagram-дағы парақшасында спортшылар мен бапкерлерге кешірім сұратуды қою керек деп үндеу жасады.
"Сыртта жүріп, қолдан келгенше еңбек еткен азаматтардың үлкен басын кішірейтіп, кешірім сұратуды қою керек. Бұл - популизм. Елге оралғанда кеткен қатені іскерлік ортада сауатты талқылау деген болады. Мынау өз азаматтарымызды тұқырту, жігерін құм қылу! Мұндайға қарсымын", - деп жазды журналист.