Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Халық таңғалып жатыр". Жариясыз халқына жәрдемдесіп жүрген танымал актер көпшілікті тәнті етті

15:55, 13 сәуір 2024 1583
Көпшілікпен бірге тасқын судың бетін қайтаруға ат салысқан танымал актер Санжар Мәди көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Танымал актердың халықтың бір жағына шығысып жүргені жайлы журналист Азамат Әбілқайыр жазды:
Санжар Мәди деген актер бар. Сол Құлсарыға барады. Бет-ауызын тұмшалап, күнге арналған қара көзілдірігін тағып, кепкасын бастыра киіп жағалауда құм тасып жүрген көптің арасына қойып кетеді. Осылай бола берер еді. Бірақ өзімен бірге барған әйгілі Nomad Stunts-тің жігіттерінің бірі “Санжик те келді. Да, да кәдімгі Санжар Мади” деп телефоннан айтып қалады. Актердің атына қанық сол жердегі жас волонтерлердің бірі мұны естіп қалып, кейін актермен жастар жаппай суретке түсе бастайды. Бір-екі күн бойы әлеуметтік желіге фото-видео салмай, елмен бірге құм толы қапшықты тасып, үнсіз жүре берген Санжар сосын барып желіге шығады. Онда да “Рух”, “Біз біргеміз”, “Менің қазағым” деген ән қойылған видео емес, топырақ тасып, құм үйіп жатқан “простой стористер”. Көпшілік Атырау, Құласарыға жеке мобилографтарымен келіп жатқан жұлдыздар секілді Санжар Мәдиді де солай жүреді деп ойласа керек. Актердің мұнысына таңқалып жатыр, - деп жазды автор. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар