Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

West Oil Software жұмысшыларының ереуілдері заңсыз екені анықталды

06:19, 21 желтоқсан 2023 257
West Oil Software жеке компаниясы қызметкерлерінің ҚМГ компаниясының жалақысының бірыңғай жүйесіне көшу туралы талабы толығымен заңсыз болып табылады.

Жеке меншік кәсіпорын иесі жалақы мәселелерімен айналысқандықтан да “жеке меншік” деген атауға ие. Сондықтан мемлекет жеке меншік иелерінің мәселелерін шешуге міндетті емес. Егер олар бұл мәселеге араласатын болса, ертеңгі күні прецендент болып шыға келеді. Ал ол болашақта жүздеген басқа кәсіпорындардың өздеріне тиімді, бірақ заңсыз әрекеттерге баруына себеп болады.

Қазіргі уақытта West Oil software мұнай сервистік кәсіпорындарының қызметкерлері жалақыны 700,000 теңгеден 1,500,000 теңгеге дейін арттыруды талап етуде.

Ереуілшілер заңды бұзуды талап етіп жатыр. Алайда жеке компаниядан мемлекеттік компанияға көшу мүмкін емес !

Ереуілшілер өздерін барлығынан жоғары санайды.

Дәрігерлер, педагогтар, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері заңсыз ереуілдерге шықпайды, бірақ өздерінің кәсіби міндеттерін адал орындайды. Егер мемлекет әр жолы Жаңаөзен мұнайшыларының талаптарына келісе берсе, онда әртүрлі маман иелері өздерінің тікелей жұмыс берушілерін де, мемлекетін де заңсыз бопсалай бастайды.

Елдегі орташа жалақы 400 мың теңгеден асады,мұнайшылардың жалақысы бұл көрсеткіштен 2-2, 5 есе көп. Қазіргі уақытта олардың жалақысын 2 миллион теңгеге дейін көтеру туралы талабы тек экономикалық және өндірістік бопсалау ғана емес, сонымен қатар олардың артында үшінші күштердің тұрғанын көрсету болып табылады.

Нәтижесінде арандатушылардың жеке пайдасына байланысты Қазақстан мен қазақстандықтар әлсірейді.

West Oil Software мәжбүрлі банкроттыққа ұшырауы мүмкін, бұл келісімшарттардың жоғалуына әкеліп соғады және бірнеше мың адамды жұмыссыз қалдырады!

фото: gov.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар