Сенаттың бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы қызметі туралы пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
Журналистер одан вице-президент немесе Құрылтай төрағасы қызметіне тағайындалуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікірін сұрады.
Мәулен Әшімбаев бұл мәселелерді қазір талқылаудың орынсыз екенін атап өтті.
Оның айтуынша, кадрлық тағайындаулар бойынша соңғы шешімді Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысы қабылдайды.
«Қазір бұл мәселелердің барлығын талқылаудың мәні жоқ әрі ол дұрыс та емес. Сіздер білесіздер, мен Құрылтай сайлауына қатысқан жоқпын. Кадрлық мәселелерге келетін болсақ, сіздер айтып отырған лауазымдарға қатысты шешімді тек Мемлекет басшысы қабылдайды. Президент Конституциямызға сәйкес қажетті кадрлық шешімдерді қабылдайды», – деді Мәулен Әшімбаев.