Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Вице-министр коммуналдық тарифтер қымбаттағанын айтты

08:37, 22 ақпан 2024 358
Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстанда коммуналдық тарифтер қымбаттағанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, тарифтердің кейбір түрлері ғана өскен. Ал, мұның себебі - коммуналдық қызмет саласындағы құбырлардың тозуы екен.
Биыл Қазақстанда коммуналдық тарифтер орташа есеппен 20-25 пайызға қымбаттады. Комуналдық төлемдердің ішінде кейбір түрлері көбірек өссе, екіншілері қатты қымбаттаған жоқ.

Коммуналдық қызметтер саласы қаржыландырылмаған. Бұл өздеріңіз білетіндей былтыр үлкен апатқа алып келді. Осы себептен осы салаға үлкен инвестиция салынды. Былтыр 300 млрд теңге салынды. Мың километрден астам желілер жаңартылды. Осы саладағы желілердің тозуын болдырмау үшін тариф көтерілді. Тарифтерді қойғанда біз шектен асырмай, инфляцияға әсер етпеуін Ұлттық банкпен кеңесіп қойып отырамыз, - деді вице-министр.

Фото: primeminister.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар