Ауғанстан мен Пәкістан шекарада атысты тоқтату туралы келісімге келді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл жөнінде Қатар Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Келіссөздер Доха қаласында өтті.
«Бұл қадам екі бауырлас ел арасындағы шекарадағы шиеленісті тоқтатуға және өңірде тұрақты бейбітшіліктің берік негізін қалауға ықпал етеді деп үміттенеміз», - деп мәлімдеді Қатар Сыртқы істер министрлігі.
Тараптар ұзақ мерзімді бейбітшілікті нығайту және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу тетіктерін құруға ниетті екенін мәлімдеді. Алдағы күндері екі елдің өкілдері тағы бір кездесу өткізеді.