Жезқазған қаласындағы Теміржол көшесінің бойында 50 жастағы ер адамның қайтыс болды. Марқұм коммуналдық жөндеу жұмыстары кезінде қаза тапқан, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
Halyqstan.kz мәліметіне қарағанда, марқұм жер қазу барысында қаза тапқан. Елу жастағы “Бектан” ЖШС қызметкерін екі метр тереңдікке түскенде топырақ басып қалған.
Өкінішке қарай, дәрігерлер 50 жастағы ер адамның өмірін сақтап қала алмады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауына қарағанда, жұмысшының қаза табуына байланысты Жезқазған қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (“Еңбекті қорғау талаптарын бұзу, адам өліміне әкеп соғу”) бойынша іс қозғады.