Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үстел тоқпақтап, бая-шая болған". Жамбыл облысы ПД басшысы қызметтен шеттетілді

09:10, 01 тамыз 2024 479
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қызметінен уақытша шеттетілді. Оның қол астындағы қызметкерлеріне даурығып,тосын мінез танытқаны қызу талқыға түскен еді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.  

Бұл ақпаратты 31 шілдеде Zakon.kz сайтына ҚР ІІМ растады.

"Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының жария болған видеосына сәйкес Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Өңірге кадр саясаты департаментінің бастығы мен ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері жіберілді", - деді ведомстводан.

Сонымен қатар ІІМ қызметтік тергеу барысы кезеңінде Баймурзин қызметінен шеттетілгенін айтты.

Айта кетсек, желіде өз қарамағындағылармен сөйлесіп отырғанда үстелді тоқпақтап, балағат сөздер айтқан погондағы ер адамның видеосы тараған болатын. Кейіннен ер адамның Жамбыл облысы ПД басшысы екені нақтыланды. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар