Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұстаздың арманы - шәкірттің озғаны!» - Мұхамеджан Тазабек Елдос Сметовті жеңісімен құттықтап, жан тебірентерлік жазба қалдырды

17:23, 28 шілде 2024 3944

Мұхамеджан Тазабек Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Қоласын қолға ұстап, күмісін де кеудеге тағып көрген ек. Алтының елдің жүзін жарқын қылды. Бәрекелді! Бақтыбай аға, Тоқтагүл тәте, ата-ананың ақ батасына жетер не бар, шіркін?! Ғалымжан аға, ұстаздын арманы - шәкірттің озғаны! Алла қолдаған ұлға адам қарсы тұра алмайды. Елдің батасы - ердің жеңісі! Макронды мұңайтып, Тоқаевті қуантқан кеш! Отбасың - алтын тұғырың! Алтын жиендерім! Жақсылық ағам көрсем деп, аңсап кеткен жеңіс қой, бұл",- деп жазды Мұхамеджан Тазабек өзінің Instagram парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?