Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ұстазды өлгенше ұрған". Шымкенттегі академия оқытушысының қазасына қатысты тың дерек айтылды

22 мамыр 2024 926

Шымкенттегі Медициналық академияның оқытушысы ауыр соққыдан қаза тапты. Алдын ала болжамды мәлімет бойынша оны біреулер ұрып өлтірген болуы мүмкін деген күдік бар. Күдікке ілінген азамат тергеуге түсті, Alash.KZ ұлттық порталы otyrar.kz-ке сілтеп. 

Порталдың хабарлауынша, көшеден өтіп бара жатқан адамдар оқытушыны ес-түссіз жатқан жерінен тапқан. Ол 16 мамыр күні түнде 1967 жылғы азамат ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Мамандар мидың ауыр жарақатымен науқасты жансақтау бөліміне жатқызғанын айтады. Бір өкінерлігі, марқұм комада жатқан күйінде ес жимастан көз жұмды.

"Науқасты қабылдау бөлімшесіндегі нейрохирург, травматолог, хирург, реаниматолог тексеріп, тексеруден өткізіп, "жабық бас-ми жарақаты" диагнозымен өте ауыр жағдайда, асперациялық синдром, кома 3-пен жансақтау бөліміне жатқызды. Науқасқа қойылған диагноз "Мидың ауыр жарақаты. Жансақтау бөлімінде науқасқа қарқынды емдеу терапиясы жургізіліп, өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылды. Өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылғанына қарамастан жарақатының ауырлығына байланысты науқас ес жимастан 20 мамыр күні сағат 13:00-де қайтыс болды", - дейді хирург Мадияр Дүйсенов.

Қазірше жаға ұстатар жайтқа қатысты әлеуметтік желіде екі нұсқадағы ақпарат тарап жатыр. Бірінде білікті ұстазды мектеп оқушысы ұрып өлтірген десе, енді бірі марқұмды көлік қағып кеткен болуы мүмкін дейді. Ал полиция аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті анықталғанын мәлімдеді. Ал өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтіні айтылды.Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі бұған қатысты:

"Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?