Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұстау мерзімі ұзартылды»: Заңгер Әділетхан Молдахан ісіне қатысты ел естімеген ақпарат шықты

11:57, 08 сәуір 2026

Алматыда танымал заңгер және блогер Әділетхан Молдаханға қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріп, ол екі айға қамауға алынды, деп жазады Alash.kz. 

Бұған дейін он күндік мерзімге ұсталған азаматтың қамау мерзімінің ұзартылуына оның әлеуметтік желілердегі белсенділігі мен құқық қорғау органдарының таққан айыбы себеп болған. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, Әділетхан Молдахан «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша күдікке ілінген. Оған заңгердің Алматыдағы әл-Фараби даңғылында орын алған қайғылы жол апатына қатысты жариялаған видеожазбалары негіз болды. Аталған материалдарда ол полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алып, оқиғаның мән-жайы туралы өз нұсқасын ұсынған болатын.

Бұл шешімге қатысты заңгердің бауыры Дәулетхан Ахметов наразылығын білдіріп, Instagram-парақшасында мәлімдеме жасады. Ол інісінің қамалуын заңсыз деп санап, оны босатуды талап етті. 

Өз жазбасында Дәулетхан Ахметов: «Әділетхан Молдахан інімнің қамалуы екі айға не үшін созылды? Әділетті Қазақстанда әділдік қайда? Бостандық талап етемін», — деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, заңгер алғаш рет 30 наурыз күні ұсталған болатын. Алғашында оның 10 күнге қамалғаны туралы ақпарат тараса, кейіннен сот шешімімен бұл мерзім екі айға дейін созылды. Қазіргі таңда тергеушілер блогердің жарияланымдарына қатысты тиісті сараптамалар жүргізіп, істің толық мән-жайын анықтау үстінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар