Аман қалғандар саны 28-ге жетті, оның екеуі - бала. Бұл туралы Alash.kz 24kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтау маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала жедел деректер бойынша 28 адам әртүрлі дәрежедегі медициналық мекемелерге жеткізілгенін хабарлайды.
Оларға облыстың ауруханаларында барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Оқиға орнына 23 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды.
Бүгін Астанадан Ақтауға құрамында хирургтар, травматологтар бар мамандар бригадасымен санитариялық авиация борты ұшады.