Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үш солдат, бір офицер қинап өлтірген деп айтып жатыр". Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаз Дәулет Нұрланұлының туыстары мәлімдеме жасады

16:06, 15 қараша 2024 1345

Жетісу облысында оқу-жаттығу кезінде көз жұмған Дәулет Нұрланұлының туыстары қайғылы оқиғаның мән-жайын білгісі келетінін хабарлады. Марқұм туыстарының бойынан күдік пен күмән арылмай тұр, деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы.

Дәулет Нұрланұлының туыстарымен ulysmedia.kz порталының тілшілері тілдесті. 

– Өзіміздің Дархан. Неге десем, «білмеймін, үш солдат, бір офицер қинап өлтірген деп айтып жатыр, мына жақта» дейді. Жақсы дедім де, қойдым. Есімді жинай алмай отырдым. Марат ағамен сөйлескен кезде, жанында балалар тұрды, әскери полицияның бір офицері, подполковник айтты «иә, тұншықтырған, қылқындырған, барлық орыны бар, бәрін анықтамаға жазды» деп. Енді сараптаманы бір айдан кейін аласыңдар деді, – дейді телеарнаға марқұмның туысы Гүлмира Сабырова.

26 жастағы Дәулет Нұрланұлы Алматы қаласындағы құрлық әскерлерінің институтында оқыған. Отарда біраз қызмет еткен. Жаркенттегі 74261 әскери бөліміне ауысып, екі айдан кейін көз жұмды.

Жетісу облысындағы Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің біріндегі офицердің қазасы кеше хабарланған еді. Бұл туралы Құрлық әскерлері қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім етті. Ведомство мәліметі бойынша, қайғылы жағдай диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу кезінде болған. “Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер алған жарақатынан қайтыс болды” ақпарат таратты баспасөз қызметі өкілдері.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар