Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үш бөлмелі пәтер мен Lexus: Елдос Сметовке тағы қандай сыйақы берілмек?

17:11, 05 тамыз 2024 2354

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті туған өңірі – Жамбыл облысында сән-салтанатпен күтіп алғалы жатыр. Qaz365.kz тілшісі дзюдодан Олимпиада чемпионына қандай сыйлық берілгелі жатқанын білді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ақын Мұхамеджан Тазабеков Елдос Сметовті күтіп алу рәсімі өтетінін хабарлады.

«5-ші тамызда Тараз қаласының орталық стадионында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовты салтанатты күтіп алу рәсімі өтеді. Қарсы алу шарасы 5-ші тамыз күні Тараз қаласының шығыс аркасынан бастау алады, содан кейін Жамбыл даңғылы, Ыбырайым Сүлейменов көшелерінде төрт жылдықтың басты додасында топ жарған Жамбылдық жампозды ұлықтау мақсатында шеру ұйымдастырылады. Бұдан соң Орталық стадионда өтетін салтанатты шара барысында «Алашұлы» тобы, АДАМ, Тұрар, Kalifarniya, және Ернар Айдар секілді эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді», - дейді ол.

Іс-шараның негізгі бөлігі 5-ші тамыз күні сағат 18:00-де Орталық стадионда басталады. Ол бүкіл халықты осы іс-шараға шақырды.

Елдос Сметов пен оның бапкеріне қымбат көлік беріледі. Атап айтқанда, дзюдошыға Lexus LX 600 жаңа түрі, ал оның бапкеріне жаңа Hyundai Santa Fe күтіп тұр.

Дзюдошыға 15-ші ауданнан үш бөлмелі пәтердің кілті беріледі деген ақпарат бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?