Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үш балам, жалғыз шешем бар: Бас имамды зәулім үйде тұрады деп айтқан адам мәлімдеме жасады

13:48, 04 ақпан 2025 3104

Әлеуметтік желіде "Астананың бас имамының үйі делінген" видеоны таратқан адам табылды, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео авторы халықтан кешірім сұрады.

"Мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының үйі деп бір видео салған едім. Ол видеоны арам, жаман оймен түсірген жоқ едім. Шындығын айтсам, TikTok-қа саламын деп түсірген едім. Сол үшін бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананың бас имамынан, сол үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де үш баланың әкесімін, жалғыз шешем бар. Мұсылман бауырларыңызды кешіріп қойыңыздар. Шу болып кетеді деп ойламадым", - дейді видеодағы адам.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар