Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үш адамның өмірін қиған жол апатынан кейін…»: Әл-Фараби даңғылында қатаң шаралар қолға алынды

10:38, 26 маусым 2026

Алматы қаласының Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған қайғылы жол апатынан кейін, автокөліктердің қарсы бетке шығып кетуіне жол бермеу мақсатында арнайы бөліп тұратын қоршаулар орнатыла бастады, деп хабарлайды Alash.kz.

Еске сала кетсек, осы жылдың 21 наурызында Әл-Фараби даңғылының бойында адам өліміне әкеп соққан жойқын жол-көлік оқиғасы тіркелген болатын. Жолда жоғары жылдамдықпен келе жатқан Zeekr маркалы электрлі көлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, кенеттен қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан ол өз жолымен келе жатқан Mercedes автокөлігіне барып соқтығысты. Соққының қатты болғаны соншалық, Mercedes көлігінің жүргізушісі мен оның ішінде отырған екі жолаушы қыз алған ауыр жарақаттарынан оқиға болған жерде тіл тартпай кетті.

Аталған резонансты іс бойынша сот процесі аяқталып, кінәлі деп танылған Zeekr жүргізушісі Александр Пакқа қатысты үкім шықты. Сот шешімімен ол 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот кінәлі азаматты өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы қосымша жаза кесті. Қазіргі уақытта мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында даңғыл бойында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар