Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ұрысты тоқтату соғысты аяқтау дегенді білдірмейді": саясаттанушы Трамп пен Путин келісімі туралы айтты

18:42, 13 ақпан 2025 639

АҚШ президенті Трамп пен Ресей басшысы Путин телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Alash.KZ.

Ақ үй басшысы оны Social Truth әлеуметтік желісінде хабарлады. Бұл ақпарды Кремльдің баспасөз қызметі де растады.

Мемлекеттер басшыларының әңгімесі 1,5 сағатқа созылған. Кремльдың баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, президенттер Таяу Шығыстағы ахуалды, энергетика мәселесі және де Украинадағы жағдайды реттеу мәселесін талқылаған.

Трамп әскери қақтығысты тез арада тоқтатуды және мәселені бейбіт жолмен шешуді ұсынды. Путин Трампқа жауап ретінде қақтығыстың түпкі себептерін жою қажеттігі туралы айтқан. Сонымен қатар, Ресей басшысы АҚШ президентін Мәскеуге шақырды. Путин мен Трамп байланыстарды жалғастыруға, сондай-ақ жеке кездесулер ұйымдастыруға келісті. 

Трамп пен Путин диалогы нені білдіреді? Соғыс тоқтай ма? Екі империя басшыларының келісімі Украирнаға қаншалықты тиімді? 

Осы сұрақтарға саясаттанушы Асхат Қасенғалидан пікір сұрадық.

Украинаға дәл қазір бұл келісім қажет. Ащы болса да шындық осы. Ұрысты тоқтату соғысты толық аяқтау дегенді білдірмейді. Трамп билікке келген сәтте-ақ Украина соғысына аса мән бермейтінін аңғартқан. Оның көзқарасы бойынша Украина ол Еуропаның мәселесі, ал АҚШ үшін басты мәселе оңтүстік-шығыс Азия, яғни Қытай.

-Неге Украинаға дәл қазір бұл келісім қажет?

Өйткені Украинада әскери қор аз, техника жетіспеуде. Сол себепті де 4 жылға "передышка" керек. Баяғыда Украина әскері өте әлсіз болды. 10 жыл бұрын. Ресей әскері Донбасста сол сәтте жылдам алға жылжып, екі облысты бөліп алды және Қырымды отарлады. Украина әскерін толық талқандаудан сол сәтте құтқарып қалған "Минск" келісімдері еді. Сол келісімдер "передышка" берді және әскерді реформалауға мүмкіндік ашты. Соның арқасында Ресей 2022-ден бері қатты соққы алуда. Бірақ Украинаға тағы да "передышка" керек.

Ұрыс даласында жағдайы мәз емес. Ресейдің шығыны көп, бірақ Мәскеу ешқашан адам және техника шығынына қараған емес. Оның үстіне, демография да Ресей жағында" дейді саясаттанушы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Ақордада ауыс-түйіс

09:18, 13 ақпан 2025 386