Жаңаөзенде оқушы қыз өзіне жала жапты деп құрбысын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алды. Жәбірленушінің анасы видеоны көріп, полицияға арызданған. Бұл туралы Stan.kz хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Маңғыстау облыстық сотының іс материалдарына сәйкес, 11 жастағы оқушы қыз сыныптасының үйіне келіп, кіре беріске шығуын өтінген. "Неге маған жала жауып жабасың?" деп ол ұрып-соғып, не болып жатқанын видеоға түсіріп алды.
Зардап шеккен қыздың анасы видеоны көріп, полицияға арызданған.
Бұл іс Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот видео авторының ата-анасына айыппұл салды.
"Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасаған кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін құқық бұзушының ата-анасына 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынды”, – деп хабарлады сот.
Апелляциялық шағым берудің соңғы мерзімі – 3 желтоқсан.