Алматыда үндістандық турист ұрылардан зардап шекті, ол полицияның әрекетіне наразы, деп жазады Alash.KZ.
Оның айтуынша, белгісіз біреулер телефонын тартып алған. Тіпті ер адам қылмыскерлердің бірін өз қолымен ұстауға көмектескенімен, полицейлер екі ай бойы ұрланған смартфонын қайтармаған.
Осы оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.
«Ұрлық жасағаны күдіктелген адам анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұрланған ұялы телефонды толық, жан-жақты және объективті тексеру мақсатында тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, сондай-ақ телефонның иесіне қайтарылуы қамтамасыз етіледі», - делінген ПД хабарламасында.